Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін | arainews.kz

Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін

14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Жоспарға сәйкес:

  • адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;
  • мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;
  • пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;
  • сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;
  • арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілігін белгілеу;
  • ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жатқызу;
  • ӘҚБтК-ге Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында түзетулер енгізу бастамалары қосылды.

Консультатив құжаттар биыл 13 мамырда жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ агенттіктің интернет-ресурсында жарияланады.

Консультатив құжаттарды талқылау мерзімі – 15 жұмыс күні және биыл 2 маусымға дейін жалғасады.

Еске салсақ, Ресейде жемқор шенеуніктер тізілімі 2018 жылы құрылған. Онда жемқор лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы, ол жұмыстан босатылған органның атауы, жұмыстан босату себебі мен күні және тізілімге енгізілгені көрсетіледі. Сонымен қатар, тізілімде қандай заң нормалары бұзылғаны көрсетіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.