Қазақстан халқының саны 18,37 миллион адамға жетті

28

2018 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18376,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар –10626,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7750,0 мың адамды (42,2%) құрады. 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (62 023 адам), Алматы қаласы (54279 адам) және Астана қаласында (40640 адам) қалыптасты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

 24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.