Қазақстан-Испания Үкіметаралық комиссиясы ынтымақтастық келешегін талқылады | arainews.kz

Қазақстан-Испания Үкіметаралық комиссиясы ынтымақтастық келешегін талқылады

174

27 қыркүйек күні Астанада Қазақстан мен Испания Үкіметтері арасындағы экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 8-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Үкіметаралық комиссия отырысы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ерғалиев пен Испанияның Сауда жөніндегі бас хатшы Шиан Маргарид Мендес Бертолоның тең төрағалығымен өтті. Оның барысында екі ел расындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Қазақстандық тарап еліміз экономикасына инвестиция салу үшін келешегі зор болуы мүмкін инвестициялық және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жариялап отыратын болады. Атап өтілгендей, комиссия аясында «Қазақстан-Испания» іскерлік кеңесінің 5-отырысын өткізу жоспарланған. Оның қызметі екі ел бизнесі арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Қазақстанның құзырлы органдарының статистикасы бойынша, 2017 жылы еліміздің Испаниямен сыртқы сауда айналымы 26,3% артып, 1 млрд 698,6 млн АҚШ долларын құрады (2016 жылы — 1 млрд 344,5 млн АҚШ доллары).

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.