Қазақша күрестен  жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті | arainews.kz

Қазақша күрестен  жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті

186

Таразда  қазақша күрестен  жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Елорданың 20 жылдығына орай     ұйымдастырылған бұл жарыста   15-16 жас аралығындағы бозбала палуандар боз кілемде күш сынасты. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақ күресі қауымдастығының қолдауымен өткен бұл жарыста  облыстың  6 ауданынан 90 спортшы қатысып, топтық есеппен 8 команда белдесті.

Жарысты өткізудегі басты мақсат — қазақ күресін дәріптей отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық  рухын көтеріп, жас палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру. Өрендердің бұл бәсекеде ұлттық спортқа деген қызығушылығын байқауға болады. Олар бұл ойынға ұзақ уақыт дайындалғандарын айтады.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық және жекелей салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталып, 1-ші орынды «Кәсіпқой жекпе-жек спорт клубы» жеңіп алды. Ал екінші орын Мойынқұм ауданының палуандарына бұйырса, Жамбыл ауданынан қатысқан команда үшінші орынды иеленді.

taraztv.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.