Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына үндеу жолдады | arainews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына үндеу жолдады

126

Президенттің кадр резерві жалғасатын болады. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін мен еліміздің барлық жастарына үндеу жолдағым келеді. Жаңғыру процесі менің ішкі саяси бағытымның негізгі басымдықтарының бірі саналады. Кадр резервін жасақтау жұмысы осымен бітіп қалмайды. Ол жалғасатын болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, кадр резервіне өзге де ынталы әрі лайықты жастар кіреді.

«Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, инноваторлар мен өзге де талантты жас адамдарды жан-жақты қолдайтын боламыз. Бізге түрлі салада жауапкершіліктен, стандарттан тыс әрі тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа көзқарасты басқарушылардың командасы қажет. Дәл сондай адамдар еліміз қажет етіп отырған нәтижелерді беруге қабілетті», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.