Қаржы министрі мемлекет қаржысын игере алмай отырған органдарды атады | arainews.kz

Қаржы министрі мемлекет қаржысын игере алмай отырған органдарды атады

2 668

Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бөлінген 47 млрд теңге игерілмей қалғанын мәлімдеді.

Алдымен ол Үкімет басшысының бюджет қаражатын тиімді игеру туралы ескертуі өз нәтижесін бергенін атап өтті.

«Бақытжан Әбдірұлы, 8 айдың қорытындысы бойынша өткізілген отырыстағы сіздің ескертулерініңіз өз нәтижесін берді. Бюджет қаражатын игеру көрсеткіші жақсарды», — деді Әлихан Смайылов.

Алайда министр соған қарамастан кейбір мемлекеттік органдар қазына қаржысын игере алмай жатқанын жеткізді.

«Сондай-ақ 6,5 млрд теңге үнемдеу сомасын есептемегенде 9 айдың қорытындысы бойынша 47 млрд теңге игерілмеді. Бұл 8 айдың көрсеткішінен 33 млрд теңгеге аз. Ең көп игерілмеу соммалары келесі әкімшіліктерде: мәдениет және спорт министрлігі, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық экономика министрлігі және жоғарғы сот. Нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында жыл басынан бері игерілмей келген бюджеттік бағдарламалар біраз қаражаты оңтайландырылды», — деді ол.

Сөз соңында Смайылов аталған мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын тезірек игеруге шақырды.

«Жылдың аяғына дейін 51 жұмыс күні қалды. Барлық әкімшілер бюджетке бөлінген қаражатты толық игеруге шақырамын», — деп түйіндеді сөзін қаржы министрі.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.