«Қарызсыз қоғам» жобасы Тараз қаласында жалғасын тапты | arainews.kz

«Қарызсыз қоғам» жобасы Тараз қаласында жалғасын тапты

51
Бүгінде банктен және микроқаржы ұйымдарынан алынған несиелер азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуде. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызын арттыруда.
Осы мәселенің шешімі ретінде ағымдағы жылдың 10 сәуірінде халыққа қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында «AMANAT» партиясы мен «Халық» банкі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мамыр айынан бері меморандум аясында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы шеңберінде «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курстары облыстың барлық аудандарында жүргізіліп, бүгінгі күнге 7619 адам қамтылды. Енді бұл жоба Тараз қаласында жалғасын тауып, шаһар тұрғындарын оқытуды басталды.
Бұл жоба жөнінде Президент Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында ерекше тоқталып, Үкіметке аталмыш жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын.
Осы мақсатта «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курсы 18 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Тараз қаласы бойынша 3000 адамды қамту жоспарлануда.
Оқу барысында азаматтарымыз қаржылық мәселелерді шешу, ағымдағы несиелерді азайту, қолма-қол ақшаны басқару және шығындарын оңтайландыру сынды қаржылық басқаруды жан-жақты меңгеріп шықты. Сондай-ақ, жаңадан бастаған кәсіпкерлер компанияның бюджетін қалыптастыру, салық есептілігі және қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау бойынша қаржыландыру шарттарын тиімді пайдалану мақсатында 350 бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.