Қарттарға құрмет көрсетті | arainews.kz

Қарттарға құрмет көрсетті

285

«Араздасып ағайын кетер еді, бір қария болмаса бір ауылда», деп өлең жолдарына арқау болған татулық пен берекенің, даналық пен парасаттылықтың символы бола білген қарттарын еліміз ежелден құрметтеп, ізеттілік танытып алдынан кесе өтпеген. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші жүріп өткен жолы өнеге, кеудесі тұнған шежірелі қарияларға аса құрмет көрсетілетін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнін қордайлықтар үлкен дәрежеде атап өтті. Алдымен аудандық Мәдениет үйіне жиналған қауымды аудан басшысы Болатбек Байтөле құттықтады.

«Бұл мереке – аға буын өкілдерінің еліміздің нығаюы мен аяқтануына  қосқан зор үлестері үшін ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін мерекелі күн. Ел болып қалануымызға, Тәуелсіздіктің көк Туы желбіреуіне өзіндік үлестерін қосып, халқына еңбек сіңірген кешегі азаматтар – бүгінгі ардақты қарияларымызды құрметтеп, қадірлеу қоғамдағы әрбір азаматтың, әрбір жастың азаматтық парызы. Сондықтан да, осы мерекені атап өтудің өзіндік ерекшелігі бар», – деген Болатбек Байқонысұлы мерекеге орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қайым Керденовке, Михаил Бакшеевке, Иван Ирхинге және ардагерлер ұйымының мүшелері Михаил Ивановқа, Күлжахан Жайнақоваға, Тынышбек Өсербаевқа, Светлана Әлімбаеваға, Үшкен Мақсұтовқа, Нәжикен Чаймерденоваға, Найля Мадышеваға, Самудин Валиевке, Қағазбай Сердалиевке, Шарипа Сатылғановаға және Сәрсенқұл Сепбаевқа Алғыс хаттар табыс етті.

Осыдан кейін аудан әкімі мен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға қосқан зор үлесі, қоғамдық өмірдегі жоғары белсенділігі үшін қордайлық ардагерлер Төле Сүгірбайға, Тұрғанбек Байзақовқа, Шәпен Молдахалықовқа, Мырзақұл Үйсімбаевқа, Анатолий Шуптаға, Құрманбек Нұрмаханбетовке, Иосиф Коркмазовқа, Жібек Амандықоваға, Тамара Гранкинаға, Кәріғұл Сүлейманқұловқа, Алға ауылынан Совет Әбішевке, қарасулық Нури Алимгожаевқа, ауқаттылық Рахимжан Сапаковқа, сортөбелік Шисыр Динлосанға, қарасайлық Жұмабек Токаевқа, сарыбұлақтық Ермекқұл Рысқұловқа, өтегендік Тұрған Жасыбаевқа, степнойлық Тлеужан Түстікбаевқа, қаракемерлік Әбікен Сейілхановқа, Әлжан ана ауылынан Мұсахан Абданбаевқа, қақпатастық Сайдиш Сатыбалдиеваға, жамбылдық Ұлбала Көпбаеваға, бетқайнарлық Құрманбек Онгельдиевке, сұлутөрлік Тоқтар Алпамысовқа, масанчилық Сулейман Чиуровке, кенендік Жамбыл Сатыбалдиевке, отарлық Төленбай Джелеубековке және үлкенсұлутөрлік Жуатхан Омурзақовқа «Қордай ауданының Құрметті ардагері» атағы берілгені туралы төсбелгіні салтанатты түрде кеуделеріне тағып, ардагер аналарға ақ орамал жапты.

Ауданның қадірлі қарияларын құттықтауға сахнаға көтерілген аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов өзінің жүрекжарды лебізін айтып, мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері Керімқұл Қосақовқа, қарасайлық Салиха Сұраубаеваға, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Охматқа, Еңбек ауылының ардагері Тұтқабай Асқаровқа, қордайлық Ғазиза Медееваға, қарасайлық Мұқаш Жартыбаевқа, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Скакунға, қарасайлық Байтұрсын Мырзабаевқа, Әлжан ана ауылының ардагері Күлбүбі Абдрахимоваға, қордайлық Николай Гречкинге, Мария Ерофееваға, Әлжан ана ауылынан Мурзахан Каракушиковқа, Бәйтерек ауылынан Даур Сейтахуновқа, қордайлық Дүкенбай Сегізбаевқа, степнойлық Күләш Чаяноваға, қайнарлық Мария Медетбековаға, кенендік Тұрсынбай Мұсахановқа, керулік Анар Шүйіншалиеваға, шарбақтылық Тұрсынкүл Жүнісбаеваға, отарлық Қанатбек Алимбаевқа, өтегендік Еркін Демеуовке және қордайлық Рыскүл Ыбраеваға Алғыс хат табыс етті.

Құттықтаулар легіне осыдан кейін аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет қосылды. Ізгі тілектерге толы құттықтау сөзінен кейін аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі Мырзақұл Үйсімбаевқа облыстық ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасын тапсырды, сонымен қатар облыстық ұйымның Алғыс хатымен Тұрсын Қалығұлов және Тұрған Жасыбаевтар марапатталса, Қаракемер ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерғазы Бозжаевқа «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Алғыс хаты табыс етілді. Ал, аудандық ардагерлер ұйымының Алғыс хатымен Ұлы Отан соғысының ардагері, қордайлық Николай Кожушко, қордайлық Нұрғайша Жапарқұлова, кенендік Шахан Бектұрсынов, Еңбек ауылынан Алтыныс Құсайынова, қордайлық Галина Резепина, Арал ауылынан Тұсыналы Джаманқұлов, кенендік Кулимаш Абулова, Әлжан ана ауылынан Альшан Мамедов, қордайлық Раиса Молотилина, қордайлық Совхозбек Жаңтаев, қордайлық Любовь Харченко, қайнарлық Магамед Фараджиев, қарасулық Нина Писаренко, Қалғұты ауылынан Авяз Махмудов, сарыбастаулық Сабиркүл Саткимбаева, Күнбатыс-1 ауылынан Хосай Омиралиев, қордайлық Сағыныш Медетбекова, көгадырлық Тлеужан Джуматаев, Күнбатыс-2 ауылынан Айзада Нұркеева, қордайлық Елена Асланиди, бетқайнарлық Роза Есімбекова және Гвардейский қалашығынан Жеңісбек Рахимов марапатталды.

Елге таныс ескі әндер мен патриоттық жырлар сахнадан төгілген концерттік бағдарламадан кейін барша жиналған қауым «Астана» мейрамханасында жайылған мерекелік дастарханда бас қосты. Онда қазыналы жандар қариялы ақ батасын беріп, тілектердің тиегі ағытылды. Мерекенің мән-маңызына тоқталған әрбір сөз алушы, ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын айтса, аудандық басшылық тарапынан сөз алғандар ақылы дария жандардың жанымызда әрдайым болып, ақылшы бола берулеріне тілектестіктерін жеткізді. Аудан өнерпаздарының орындауындағы ән мен күмбірлегін күй мерекелік шараның шырайын одан әрі аша түскендей болды. Осы күні жайылған дастарханда бас қосқандардың саны жылдағыдан едәуір артық болғанын да атап өткен жөн.

Осыдан кейін аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында болып, сонда тұрақтаған қарияларды мерекемен құттықтап қайтты. Онда «Береке» гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен концерт қойылып, ұйым төрағасы аудан басшысының құттықтауын жеткізіп, сый-сияпатын ұсынса, құттықтауға колледж директоры Ержан Сүлейманқұлов та қосылды. Осыдан кейін ардагерлер ұйымы мерекелік шараға қатыса алмаған ардагерлерге барып аудан әкімінің атынан Алғыс хатты табыс етті және аз қамтылған қариялардың үйінде болып, азық-түлік себетін ұсынып, мерекемен құттықтап қайтты.

Досжан Сұлтан

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.