Қарағанды облысында дөнерлерден жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды | arainews.kz

Қарағанды облысында дөнерлерден жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды

214

Қарағанды облысында дөнерлерден жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аймақтық ІІД баяндап бергендей, аталған факті бойынша ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлімімен («Абайсызда адамдардың жаппай ауыруы немесе улануына әкеліп соқтырған санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу») қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, 22-24 қазан күндері аралығында Абай қаласында 12 адам медициналық көмекке жүгінген, соның ішінде 8 адам (арасында бір бала) ауруханаға жатқызылды.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бүгінде ауыр жатқан науқастар жоқ, бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Абай қаласында 12 адам уланып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.