Қара жолдағы кемшіліктер азаяр емес | arainews.kz

Қара жолдағы кемшіліктер азаяр емес

75

Жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны белгілі. Десе де, жол-құрылыс саласында әлі күнге дейін бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар тыйылмай тұр. Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған.

Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хат жолданған. Өңірлік филиалдың «Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің инженері» Тойшыбай Аляхметовтің айтуынша, мұндағы негізгі асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отыр.

— Жыл басынан біздің ескертулеріміз бен материал жарамсыздығы бойынша қайта құру жұмыстары 67575 мың теңгені құрады. Оның ішінде, республикалық жолдарда — 12398, жергілікті жолдарда — 55177 мың теңге. Айта кететін жайт, 266 дананын көбі сынақтан тығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігер ұйымының жұмыстаң «үнемдеуі» көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мердігерлер асфальтбетон жамылғысын нашар тығыздаған. Шынтуайтында, мердігер компаниялар жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтауы қажет, — дейді Т.Аляхметов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.