Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура құрбан болғандардың санын атады | arainews.kz

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура құрбан болғандардың санын атады

8

Қайғылы қаңтар оқиғасында қаза тапқан құрбандардың саны белгілі болды.

Бас прокурор төтенше жағдай режимі мен лаңкестікке қарсы операция кезінде барлығы 238 азамат қаза тапқанын айтты. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған.

«Қаза болғандар туралы сандық деректер сенімді, тергеу аясында қайта тексерілді. Оның ішінде 67 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікке ілінді, 142-сі төтенше жағдай режимін және лаңкестікке қарсы операцияны бұзушы, 4-і басқа қылмыстарды жасау кезінде қайтыс болды», деді Берік Асылов.

Бас прокурор атап өткендей, қаза болғандардың ең көп саны – Алматыда (151 адам) тіркелген. Мұндай құрбандар Қызылорда (26), Шымкент (20) және Таразда (17) болған.

egemen.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.