Қант қызылшасын егушілерге қолдау бар | arainews.kz

Қант қызылшасын егушілерге қолдау бар

166

Облыс әкімдігінің қолдауымен Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Меркі ауданы Сұрат ауылында «Қант қызылшасын өсіру технологиясы және минералды қоректендіру жүйесі» тақырыбында егінжай күні ұйымдастырылды.

Семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу аудандарының диқандары қатысып, тәтті түбір өсіруде қалыптасқан түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Жалпы, өңірде жыл санап стратегиялық дақыл саналатын қан қызылшасы алқабы ұлғайып келеді. Жергілікті шаруалар да тәтті түбірмен мол табысқа кенелуді көздейді. Семинар жұмысына қатысқан облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта қант қызылшасын егетін шаруалардың басын біріктіретін қауымдастық құру жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл құрылым арқылы диқандардың өнім ешқандай делдалсыз қант өндіруші кәсіпорындарға жеткізілмек.

Шараға қатысқан шаруалардың көбі егіс алқаптарына қажетт тыңайтқышқа қол жеткізу оңай еместігін атап өтті. Бұл орайда, республикадағы тыңайтқыш өндіру саласында жетекші саналатын «ЕуроХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің көптеген түрін ұсына алады. Бүгінде кәсіпорын облыс аумағында химиялық кешеннің құрылысын жүргізуді бастады. Бұл инвестициялық жоба арқылы жергілікті тұтынушыларды  азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштармен қамту мәселесі оңтайлы шешілмек.  

–2016 жылдан бастап «Еврохим Қаратау» кәсіпорны республика климатына лайықталған ауылшаруашылық дақылдарына арнап әртүрлі қоректену жүйесін дайындап келеді. Өткен жылы Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне иелегіндегі 12 гектар қант қызылшасы алқабына  тыңайтқаштың жаңа түрлерін сеуіп, тәжірибе жүргізілді. Нәтижесінде шаруашылық гектарына 800 центнер өнімге қол жеткізді. Ал сынама ретінде себілген тыңатқыштардың тәтті түбір өнімділігін 30 пайызға арттыру қабілеті расталды.  Тағы бір ескеруге тұратын жайт біздің тыңатқыштар жердің құнарлылығын сақтап қалуға да септігін, – дейді «ЕвроХим Қаратау» ЖШС сату бөлімінің маманы Қанат Канафин.

Өз кезегінде, өткен жылы Франция, Түркия, Қытай елдерінде болып, ондағы қант қызылшасын өндірушілердің тәжірибесімен танысқан «Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев егіс алқаптарына «ЕвроХим Қаратау» кәсіпорны ұсынған минералды тыңайтқыштарының қолданылуын құптайды.

– 2016 жылы біз себелеп суару технологиясын пайдаланып 200 гектар жерге авантаж сұрыпты қант қызылшасын егіп, гектарынан 504 центнер қызылша жинаған болатынбыз. Былтыр «Еврохим Қаратау» ұсынған азот, фосфор, калий бар нитроаммофосты қолданып, гектарынан 800 центнер өнім жинадық. Ал, биыл 300 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Тәтті түбір алқабының әр гектарына 300 келі нитроаммофоска қолданылды. Биыл гектарынан 1000 центнер өнім алуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, тұқы себілетін алқап топырағы қаншалықты құнарлы болғанымен онда міндетті түрде минералды тыңайтқыштар себілуі керек, – дейді Қанат Шайхиев.

Шара соңында семинар жұмысына белсенді қатысқан шаруалар «Еврохим Қаратау» тыңайтқыштарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертификатарға ие. Оларға сондай-ақ, «Agro Kazakhstan» компаниясы тарапынан шаруашылық техникаларын сатып алуға 15-25% жеңілдіктер ұсынылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.