«Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы | arainews.kz

«Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы

45

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа-ру» жастар ұйымының еріктілерінің ұйымдастыруымен «Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келе жатыр. Волонтерлар дүкендегі киімдерді жуып, кептіріп, үтіктеп, киімнің тазалығын және дүкеннің тазалығын қамтамасыз етіп жатыр. Дүкен халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жоба аясында жастар көптеген отбасыларға көмек көрсетіп, баталарында алып жүр. Дүкенге барлық мұқтаж отбасылар келіп, киім алуына болады және ешқандай шектеу жоқ жеке бас куәлігін әкелсе жеткілікті. Осы күнге дейін дүкен мың жарымға жуық отбасыға көмек көрсеткен. Жастар бос уақыттарын дүкенге келіп, әр-түрлі іс-шараларға, акцияларға қатысумен, жақсылыұ жасаумен өткізеді. Дүкен Сулейманова 16а мекен-жайында орналасқан. «Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы аясында әлеуметтік дүкеннен бөлек, түрлі форматта көптеген қайырымдылық, әлеуметтік, көпшілік, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.