Қалада қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда? | arainews.kz

Қалада қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда?

195

Идеяны игілікке айналдыратын инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ: «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны – 1 млрд 870 млн теңге, қуаттылығы – жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 2 млрд 177 млн теңге, қуаттылығы – жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде. Ал 2020 жылы жалпы құны 22 млрд 251,0 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде. Олар; «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3 млрд 860,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Екіншісі, Ekojer» ЖШС-і – «Қоқыс өңдеу зауыты», жоба құны – 17,5 млрд теңге, жылдық қуаттылығы – 100 мың тонна қоқыс, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр. Үшіншісі «TARAZLING» ЖШС-і сұйытылған табиғи газды (метан) өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр.

Сонымен қатар индустриалды картасынан тыс, «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны – 1 млрд 264 млн теңге, қуаттылығы – жылына 160,0 мың тонна, 36 адамды жаңа жұмыспен қамтымақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.