Қала экономикасын дамытудың дара бағыты | arainews.kz

Қала экономикасын дамытудың дара бағыты

104

Таразда Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету орталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында, бизнес-жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

– «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы қала әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 1333 кәсіпкерлердің тізімін жолдаған болатын. Бүгінгі таңда 899 кәсіпкерлермен сауалнама жүргізілсе, қалған 434 кәсіпкермен жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге кәсіпкерлік саласы бойынша 9,7 млрд. теңгеге 165 жоба «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасына ұсынылып, оның ішінде 4 жоба 205,0 млн. теңгеге қаржыландыру үшін мақұлданды. Олар: ЖК «Қылышбекова» мал өсіруге 50,0 млн. теңге, ЖК «Кожабекова» тон тігуге 110 млн. теңге, ЖК «Жумабекова» балабақша ашуға 18 млн. теңге, «Мark of perfeсtion» макарон өндірісін шығаруға 27 млн. теңге. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орнын ашылатын болады. Қалған 161 жобаны «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы тарапынан екінші деңгейлі банктерге ұсыну үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде,-дейді Тараз қаласының әкімі Қ.Досаев.

Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 миллиард теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 миллиард теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ. Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 пайызбен өтейді.

Бір айта кетерлігі, аталған бағдарлама бойынша кредиттің ең жоғарғы сомасы шектелмеген. Бағдарлама бойынша халық күнделікті тұтынатын 365-ке жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, көйлек, төсек жабындысы, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар бар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.