Қадағалау қызметіндегі қарқын

Қазақстанның прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылған сәттен бастап ширек ғасырға жуық уақыт өтті.

Осы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды.Бүгінде еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық функциясын іске асыра отырып, прокуратура органдары мемлекеттің сенімді тірегі болып саналады.Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, өркениетті елдердің даму жолына түсті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы барысында мемлекеттік органдар арасында прокуратура органдарының орны мен рөлі жаңа мазмұнмен толығып, прокурорлық қадағалаудың өкілеттіктері өзгерді.
Алайда, қаншама өзгеріске ұшыраса да, прокуратура құқық қорғау органы болып қалып отырды. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Мемлекетіміздің барлық кездегі даму сатысында прокуратураның алдында әрбір азамат өздерінің құқықтарына қол сұғылғанда оларды қорғайтын бірінші әрі ең жақын қорғаушы прокурорлар екенін білетін және түсінетін жұмыс бағытын белгілеу міндеті тұрды.
Аудан прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізілген болатын.
Талдау барысында жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді жалға беру кезінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі аудандық прокуратураның ұйытқы болуымен анықталып, оң шешімін тапты.
Сарысу аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша 4 пәтер қайтарылып беріліп, баспанасыз жүрген отбасылардың алғысына бөленді.
Сондай-ақ, прокуратура алға қойылған міндеттерді жемісті жүзеге асырып, көп алғысына бөленуде десек те артықтық етпес.
Өздеріңіз білетіндей, прокуратура жұмысы елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандығын, заңды тұлғалардың мүддесін қорғап, мемлекеттік бюджетті толықтыру, сыбайлас жемқорлық пен экстремизм көріністеріне тосқауыл қою проблемаларына шоғырланады.
Осындай жауапты істердің ұйытқысына айналған прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан бұл маңызды орган — құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды. Прокуратура органдары бүгінгі таңда құқықтық саясатты, адамдардың конституицялық құқығын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіп саласында өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда.
Мемлекеттің билік органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілеттілігі бар бұл салада Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау әр прокурорға бұйырған бақыт.
Басты парызымыз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жемісті болып, жұртшылық алдындағы абыройларыңыз биіктей берсін.
Сарысулықтар Сарысу аудандық прокуратурасының қызметіне ризашылығын білдіреді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.