Қайрат Досаев тараздықтарды қабылдады | arainews.kz

Қайрат Досаев тараздықтарды қабылдады

116

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында қала әкімі Қайрат Досаев тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында шаһар басшысы жұртшылықтың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың дені әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын арқалай келген екен. Атап айтқанда, тараздықтарды баспана, жәрдемақы және түрлі мәселелер толғандырады екен.

Солардың бірі – облыс орталығындағы Алексей Щусев көшесінің бір топ тұрғындары «Тараз су» мекемесіне ұжымдық өтінішпен жүгініп, көшеде орналасқан жеке тұрғын үйерге кәріз жүйесін жүргізу мәселесімен қайрылған. Өз кезегінде коммуналдық мекеме тұрғындар талабын қанағаттандырып, құрылыс жұмыстарына рұқсатын берген. Алайда көршілер ішінен бір азамат аталған жұмыстың жүруіне өз қарсылығын білдірген. Өз ойын өзгертпейтінін білдірген ол үйінің маңындағы жерді қазуға келісімін бермей, қалалық прокуратураға арыз жазған. Нәтижесінде пәрменді ведомство жұмысты тоқтатып қойыпты.

Осы мәселенің шешімін сұрай келген халық Қайрат Әскербекұлынан түйткілдің тоқетерін қойып, бір байламын айтуын өтінді. Өз кезегінде қала әкімі аталған жайттың назарға алынып, шешімін табу бағытында жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Қабылдау барысында қойылған өзге де сауалдарға арнайы шақырылған сала мамандары жауап беріп,  заң шеңберінде қаралатындығын жеткізді. Сұрақтар хаттамаға жазылып алынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.