Күзгі бал көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

33

Тараз политехникалық колледжінде «Күзгі бал – 2018» байқауы ұйымдастырылып, оған негізінен 1-курс студенттері қатысты.

Қатысушылар сайысты алдымен өздерін таныстырудан бастады. Ал, одан кейінгі «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша сынға түскендер ортаға бар өнерін салып, бақ сынасты. Сән үлгісі бөлімінде үміткерлер өз қолдарымен қағаз, целлофан сынды түрлі материалдан тіккен киім киімдерді назарға ұсынды.

Ең соңғы бөлім бойынша студенттер сұрақ-жауап арқылы білім деңгейін байқатты. Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғарғы балмен озып шыққан «1-6-18» тобының білімгерлері Нұрдаулет Ешенқұл мен Балшекер Болатбек бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «1-5» тобының намысын қорғаған Еркебұлан Тақабай және Бота Бурханова жеңіп алса, үшінші орын «1-ТО-2-18» тобының атынан қатысқа Абай Айдар мен Ақбота Серікке бұйырды.

Сайыс соңында колледж басшылығы жеңімпаздар мен өзге де қатысушыларға Алғыс хат табыс етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.