Күрес: Қазақстандық қыздар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады | arainews.kz

Күрес: Қазақстандық қыздар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

169

Будапеште өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қазақстандық қыздар жарысты жүлдесіз аяқтады.

ҚР Күрес түрлері федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында қыздар күресінен жарыс аяқталады. 53 келі салмақта ел намысын қорғаған Жұлдыз Ешімова әлем чемпионатын бесінші орынмен қорытындылады. Өкінішке қарай, Жұлдыз қола медаль үшін болған белдесуде канадалық Диана Вайкерден 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Жұлдыз кеше жарыстың 1/8 финалында американдық Сара Хильдебрандтан ұтылып қалған еді. Ал жұбаныш белдесуде әзірбайжандық Анжела Дороганнан 5:3 есебімен басым түсті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасының балуандары еркін күрестен бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Оны қоржынымызға 57 келі салмақта күрескен Нұрислам Санаев салды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.