«JAMBYL» арнасы толықтай цифрлық хабар таратуға көшеді | arainews.kz

«JAMBYL» арнасы толықтай цифрлық хабар таратуға көшеді

353

«JAMBYL» арнасы толықтай цифрлық хабар таратуға көшеді.

Бұл туралы Тараз қаласында өтіп жатқан «JAMBYL» телеарнасының жаңа маусымының тұсаукесерінде арна директоры Жасұлан Әбдіхалық мәлімдеді.

«2019 жылдан бастап еліміз бойынша алғашқылардың қатарында — Жамбыл облысында аналогтық яғни, телеантенналар арқылы хабар тарату тоқтайды. Цифрлы жүйеге көшу сапаны жоғарылатумен қатар талапты да күшейте түсері анық.  Бұл ретте, дайындық жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді.  Қазір дайындық  90 пайыздан асты. Бұйыртса, келер жылдан бастап телеарна толықтай цифрлы жүйеде хабар таратуға көшеді деп отырмыз» – деді шара барысында арна басшысы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.