Инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау жөнінде кездесу өтті

2019 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің басқарма басшылары, селектор арқылы аудан әкімдерінің қатысуымен инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Департамент «Protecting business and investments» жобасы аясында кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін әрдайым қорғауға дайын екендігін айтты. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан әсіресе сәулет және қала құрылысы, құрылыс, жер қатынастары салаларында кәсіпкерлікке қарсы қолдан жасалатын әкімшілік бөгеттердің бар екендігін және сол бөгеттерді жою мәселесін талқыланды.
Кездесу барысында Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Бүгінгі таңда «Protecting business and investments» жобасы аясында Департаментпен жалпы соммасы 343 936 600 000 теңге болатын 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім-шартқа қол қойылып, инвестициялар мен бизнесті қолдау, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.