Инвестиция көлемі жылдан жылға артуда

Бүгінде Тараз қаласының экономикасын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, инвестиция тарту бағытында атқалырып жатқан жұмыстарға көз тойып, көңіл сүйсінгендей. Мысалы, биыл негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48 миллиард 131,5 миллион теңгені межелеп, нақты көлем индексі 112,7 пайызды құрады. Ал бұл көрсеткіш 2018 жылы – 41 миллиард 59,1 миллион теңге көлемінде қалыптасқан болатын. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 134,5 мың теңге болып отыр. Мұнда да едәуір өсім бар. Нақтырақ айтқанда бұл көрсеткіш 2018 жылы – 115,2 мың теңге болған.

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар — 22 миллиард 873,5 миллион теңгені құрап, 30,5 пайызға, шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 23 миллиард 568,3 миллион теңге немесе 2,7 пайызға, банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 миллиард 689,7 миллион теңгені құрап, 2,9 есеге өскен

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 141 миллиард 766,9 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 101,3 пайызды құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 108 миллиард 621,3 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 113,2 пайызға орындалды.

Тағы бір айта кетерлігі, қалада қазіргі уақытта 35 273 кәсіпкерлік субъектілері тіркелған. 2018 жылы бұл көрсеткіштің 31 829-ды құрағанын ескерсек, бизнеске бет бұрушылар санының едәуір артқанын аңғару қиын емес. Оның ішінде 28947 жеке кәсіпкер, 6164 шағын, 30 орта және 132 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 26 950, оның ішінде жеке кәсіпкер – 22757, шағын – 4045, орта – 29 және шаруа қожалығы – 119 бірлікті құрайды.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,4 пайыз немесе 6 миллиард 463,8 миллион теңгені құрады. Ал қала бюджеті бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,2 пайыз немесе 2 миллиард 333,4 миллион теңгені құрап отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.