GGG промоутері «Канеломен» үшінші жекпе-жек туралы жаңа мәлімдеме жасады

17

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өтуі мүмкін үшінші кездесу туралы жаңа мәлімдеме жасады.

«Біз Головкин үшін жақсы мәміле жасауға әрекет етіп жүрміз. Ол — ең танымал чемпиондардың бірі. Мен оны әлі күнге чемпион деп санаймын, өйткені екінші кездесуде жеңілмегенін сеземін. Головкиннің «Канеломен» үшінші мәрте жұдырықтаспауына ешқандай себеп жоқ. Қаржы жағынан да бұл олар үшін ең үлкен, маңызды жекпе-жек болар еді. Үшінші жекпе-жек үлкен қызығушылық туғызады деп ойлаймын. Біздің тараптан ешқандай жалтарушылық жоқ», — деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.