Футбол турнирінде жүлделі орын иеленді | arainews.kz

Футбол турнирінде жүлделі орын иеленді

222

Таразда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен департаментке бағынысты мекемелер арасында кіші футболдан турнир өтті. Аяқдоп аламанына Жарысқа ҚАЖ департаментінің құрамасы, Тараздағы 5 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты. Оның ішінде ЖД-158/2 мекемесінің де құрамасы бар.

Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Ескеев және сала ардагері С. Мералиев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен жарыста мекеме қызметкерлері үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Жарыс нәтижесі бойынша ЖД-158/2 мекемесінің командасы марапатталып, арнайы медальдарға және кубокқа ие болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.