Ернұр Сұлтанбек облыстық байқауға жолдама алды | arainews.kz

Ернұр Сұлтанбек облыстық байқауға жолдама алды

139

ҚАЖ саласы қызметкерлерінің қызметтік біліктілігін арттыру – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Осыған орай  олардың білімдерін шыңдауға бағытталған түрлі жарыстар мен байқаулар тұрақты түрде өткізіліп отырады. 

Осындай байқаудың бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі жасақ бастықтарының арасында өтті.

Аталған байқауда жасақ бастықтары өзін таныстыру, құжаттарды дұрыс дайындау, слайд жасау және медициналық көмек көрсету турлары бойынша сынға түсті. Тартысты өткен жарыста мекеме қызметкері, әділет лейтенанты Ернұр Сұлтанбек бірінші орынға лайық деп танылды. Жарыс барысында ой ұшқырлығы мен жедел әрі нақты шешім қабылдауда өзгелерден оқ бойы озып шыққан Ернұр Бақытжанұлы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелер арасындағы өтетін жарысқа жолдама алды.

4 ақпан күні өтетін үздіктер байқауында әріптесімізге сәттілік тілейміз!

ЖД-158/2 мекемесінің ұжымы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.