Ең жақын ХҚО | arainews.kz

Ең жақын ХҚО

119

Жақын орналасқан ХҚО-ны тауып, кезекті алдын ала брондау — уақытыңызды едәуір үнемдейді. Сіз тек Мобильді азаматтар базасында тіркелсеңіз болғаны.

Бүгін біз оның ең ыңғайлы алгоритмін айтамыз:
1. Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot (EgovKzBot2.0) ботын табыңыз;
2. Телефоныңыздың геолокациясын қосыңыз;
3. «Ең жақын ХҚО» қызметін таңдаңыз;
4. Орналасқан жеріңізді жіберген соң жақын маңдағы ХҚО-лардың мекенжайы көрсетілген карта шығады;

Ары қарай кезекті брондауға кірісіңіз:
— Бас мәзірде «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдаңыз;
— Аймақты және қажетті ХҚО-ны, келу мақсатын көрсетіңіз;
— Келетін күн мен уақытты белгілеңіз.

Жоспарланған уақыттан 10-15 минут бұрын келуді ұсынамыз.

 

Тараз қаласының хқко 4 бөлім басшысы А.Е.Ержан

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.