Елордалық әйел қызын балағаттаған баланың ата-анасынан 2 млн теңге өндіріп алды | arainews.kz

Елордалық әйел қызын балағаттаған баланың ата-анасынан 2 млн теңге өндіріп алды

160

Нұр-Сұлтанда келіншек мессенджерлердің бірінде өз сыныптастарын, оның ішінде қызын балағаттаған баланың ата-анасын сотқа берді. Сот арызданушының талабын қанағаттандырды деп хабарлады turkystan.kz қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың қыркүйек айында бұрынғы сыныптастарының WhatsApp-тағы чатында баласы өз сыныптастарын қорлайтын хабарлама жазған. Осылайша, қыздың анасы сотқа 5 млн теңге сомасындағы моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен жүгінген. Себебі сыныптастарының қорлайтын хабарламаларының салдарынан оның кәмелетке толмаған қызы бір ай бойы күйзеліске түсіп, жылаған. Соның салдарынан қызына психологтың көмегі қажет болған.

«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтау кезінде сот сыныптастарын қорлау салдарынан психологиялық күйзеліске ұшыраған кәмелетке толмаған адамның жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының өмірлік маңыздылығын ескерді, сондай-ақ жауапкерлердің отбасылық және мүліктік жағдайы ескерілді», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды, баланың ата-анасынан талап қоюшының пайдасына ортақ тәртіпте 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысы өндіріп алынды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.