Елеусіновтің бесінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

28

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстандық боксшының қарсыласы — никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раундтық болады. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған еді. Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

«Хабар» арнасындағы трансляция Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.
tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.