«Ел ертеңі – Жас Ұлан» | arainews.kz

«Ел ертеңі – Жас Ұлан»

44

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында Желтоқсан айының 7-ші жұлдызында мектеп ұйымдастырушысы Г.Сүлкетаеева мен мектеп тәлімгері А.Пазылбекованың ұйымдастыруымен «Ел ертеңі – Жас Ұлан» тақырыбында 5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан » ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Ұйымның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту , мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Бұл жиынның ең жауапты сәті – ант қабылдау рәсіміне мектебіміздің «Ұланбасы» Еркеназ Абдикарим ант қабылдап, барлық оқушы көгілдір туымыз түстес галстуктарын рәсім бойынша тағып шықты. 10-сынып оқушысы Ерболат Қамбар патриоттық ән шырқап, оқушыларды патриоттық сезімге бөледі. Іс-шараға мектеп тәлімгері мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.