Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді | arainews.kz

Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді

145

1 қарашада Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді.

Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«1 қарашада Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Мемлекет басшысымен кездесуі жоспарлануда. Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшыларымен өтетін кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, өңіраралық, көліктік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы салаларын дамыту перспективалары және оның ағымдағы жағдайы, сондай-ақ Байқоңыр кешенінде өзара әріптестік мәселелері туралы пікір алмасылады», — дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, тараптар екі елдің интеграциялық одақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылайды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.