Дінтанушылармен онлайн курс өткізілді | arainews.kz

Дінтанушылармен онлайн курс өткізілді

262

Ертеңін ойлаған елдің белі қашан да бекем келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі мұсылмандардың діни насихатшысы, имам тұрғысынан мүміндердің рухани көш бастар жетелеушісі болғандықтан, ең алдымен алғашқы сөзін Алланың атынан, онан соң, ілімнен, білімнен, сол білімге деген жүйелігімен, ілгерілігімен бастауы керек.

Кешегі Кеңес заманында біздің ел нендей жаман зұлымдық күйге ұшырамады, не көрмеді? Мың жылдық тарих, мың жылдық мұсылмандық құндылық аяққа тапталып, күллі хат танитын сауатты, көзі қарақты молдалар мен имамдар, ғұламалар мен мұғалімдер мұсылман болғаны үшін, əлемнің Жаратушысын танығаны үшін итжеккенге айдалып, сол жақта сүйегі көмусіз қалған жоқ па еді?! Біздің ата тарихымыз, құндылығымыз, мұра, жəдігерлеріміз тұтастай жоғалып, күйреген жоқ па еді?!

Міне, сол жоғымызды қайта түгендеп, барымызды көбейтуге атсалысқанымызға да көп болған жоқ. Ал, елдегі дін қалай түзелмек, Сириядағы дін атын жамылған қара ниеттілердің кебін киюге елімізде кейбір жастар неге құмар?

Оны терең барлап қарағанға дін деген жалаң уағыз, жалаң сөз емес. Дін – ілім, ғылым, ар-ұят, əдептілік, мəдениет. Əрине, сол жастар осыны түсіне алмады. Неге дегенге келсе, олар дінді жете тани алмады, көлденең көк аттылар оларды қағып, қапсырып кете алуға мүмкіндіктері болды.

Міне, соның жолын діндегі ілім ғана тоса алады. Дін дегеніміз құдайлық заңдылықтар жинағы дейтін болсақ, сол заңдылық ілімнен тұрмақ. Ендеше, бүгінгі жастарға жүйелі ілім беру үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті «Теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік жобасын жоспарлап, өткізді. Жобаны дін саласында 5 жылдан аса тәжірибесі бар «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырушысы.

Жобаның мақсаты – деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен жұмыс атқаратын теологтардың, аудан, қала ДПЗО мүшелерінің біліктілігін арттыру.

Әлеуметтік жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларында өткізілуі тиіс болатын. Алайда еліміздегі карантиндік ережелерді бұзбай мақсатында оқыту курсы онлайн форматта ауыстырылды.

Жоба аясында 140 академиялық сағаттан тұратын оқыту курсы «Zoom» платформасында 1-21 қыркүйек күндері онлайн форматта өтті.

Аталған әлеуметтік жобаға еліміздің барлық областтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 190  теолог және дін саласындағы басқа да мамандары қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.

Оқыту курсы барысында әлеуметтік желілерде қосымша топтар ашылып сол жерде дәріс бойынша қосымша методикалық нұсқаулықтар, ақпараттар, құжаттар жолданды.

3 аптаға созылған курс соңында білім жетілдіру сабақтарына қатысқан мамандарға өкілдік тарапынан дайындалған сертификаттар табыстады.

Д.Әбдіғаппар

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.