Діни толеранттылық – қоғамдық толеранттылық негізі

Біздің елімізде әрбiр адамның наным-сенім бостандығына, азаматтардың діни сеніміне деген құрмет ерекше. Еліміздің кез келген азаматы дiндердiң мәдени және тарихи құндылығы мен конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiк пен азаматтардың дiни нанымдарын шын құрметтейді. Ал, 2011 жылы 11 қазанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы азаматтардың дiни сенiм бостандығына кепiлдiк береді. Елімізде белгілі бір міндетті немесе ресми діннің болмауы – азаматтардың діни сенім еркіндігін қамтамасыз етеді. Яғни, республиканың әрбір азаматы өз бетінше әрі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз қай дінді болса да таңдау еркіндігіне ие деген сөз. Біздің мемлекетіміз әлем елдері арасында діни толеранттылық идеясын таратып, халықтармен діндер арасындағы келісім мен түсіністікке толық қол жеткізуге болатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында мұсылмандық – «Құрбан айт мерекесі» және православиялық – «Рождество мерекесін» 2001 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес ресми мерекелердің қатарына қосылуы — халықаралық деңгейде мойындалған Қазақстан қоғамындағы рухани келісім мен өзара түсіністіктің дамуының айқын дәлелі. Елбасы Н.Назарбаев: «Біз барша діндердің теңдігі мен Қазақстандағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, өзге де әлемдік және дәстүрлі  діндердің ең үздік дәстүрлерін дамытудамыз және оларды сыйлаймыз. Сондықтан біз заманауи зайырлы мемлекет құрып жатырмыз» деп Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ сьезінде атап өткен болатын.

Зайырлы қоғам құру — еліміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттардың бірі. Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным – ұлттың мәдениетімен құндылықтар ұстанымымен тығыз байланысты. Діни ұстаным әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасына, мінез-құлықтарына ықпал етеді, ал зайырлы қоғамда діни ұстаным – ол дүниетанымдылыққа, мәдени-шығармашылыққа, рухани-адамгершілікке шақырады.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруына дәстүрлі діндер де өте маңызды рөл атқарадтыны белгілі. Еліміздегі әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Дәстүрлі діндер зайырлы қоғамда достық пен өзара құрмет және түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді.

Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.

ХХІ ғасырдың әлемдік тәртібі мен бет-бедері айқын болған қазіргі кезеңдедемократияны ұлықтайтынзайырлы мемлекеттегі діни ұстаным шын мәніндегіәлемдік өркениетті, адами құндылықтарды, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінқоғамның рухани кемелденуіне қызмет ету керек.

Мүбарак Жинақбаева,

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.