Діни кітаптарға зерделеу жүргізілді | arainews.kz

Діни кітаптарға зерделеу жүргізілді

91

Тараз қаласындағы түзеу мекемесінде діни әдебиеттерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға Жамбыл облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Култаев Сержан Пәрімұлы және Мурзахметов Исламбектің қатысуымен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 РММ кітапханасында тиым салынған діни әдебиеттер анықталмады. Жүргізілген діни сараптаманың нәтижесінде діни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың ҚР Азаматтық қоғам және ақпарат министірлігі Дін істер комитетінің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамасы мақұлдаған кітаптармен қамтылғаны.

Жалпы, түзеу мекемесінде қолданылатын діни кітаптардың мазмұны жіті қадағаланып отырады. Діни әдебиеттердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауда, діни радикализмнің таралуын және діни экстремизм мен терроризм алдын алуда діни әдебиеттердің қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке әрқашан алынады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.