Дін өкілі жазасын өтеушілермен кездесті | arainews.kz

Дін өкілі жазасын өтеушілермен кездесті

49

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімі теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары – әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті.
Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, «Ақниет» ақпараттық және оңалту қоғамдық қорының Алматы қаласындағы өкілі Нұржан Стамбакиев «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.