Демалысты пайдалы әрі тиімді өткізу маңызды | arainews.kz

Демалысты пайдалы әрі тиімді өткізу маңызды

80

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖдепартаментіне бағынысты №25 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында футбол турнирі өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Спорттық шара барысында сотталғандар аяқдоп аламанында өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Атап айтқанда, І орынға қарсылас шақ келтірмеген 2-жасақ табан тіресе, ІІ орынға үздік ойын өрнегін көрсеткен 4-жасақ орнықты. ІІІ орынды 8-жасақ иеленді. Жүлдегерлерге мекеме басшылығы атынан алғыс жарияланды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.