Брюссель жұртшылығы қазақтың халық әндерін тыңдады | arainews.kz

Брюссель жұртшылығы қазақтың халық әндерін тыңдады

101

«Азия-Еуропа» форумы мәдени фестивалінің аясында BOZAR Брюссель өнер орталығының сахнасында қазақтың дәстүрлі ән өнерінің жарқын өкілі Ерлан Рысқали өнер көрсетті.

Музыкалық кешке қазақ диаспорасының, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер мен жергілікті өнер сүйер қауым жиналды.

Бельгия сахнасында қазақ халық ақындары мен композиторлары Сегіз Сері, Біржан Қожағұлұлы, Ақан Сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса, ұлы Абайдың классикалық туындылар шырқалды.

Домбырамен шырқалған әрбір әннен кейін халық қол соғып, қошемет көрсетіп отырды. Күмбірлеген домбыраның сиқырлы үні мен бірегей дауысы көрермендерді гүлденген қазақ даласына саяхат жасағандай күй кештіріп, біздің бай тарихымызбен танысуға мүмкіндік берді.

Ерлан Рысқалидың өнер көрсету бағдарламасы қазақтың дәстүрлі ән өнерінің тереңдігі мен ерекшелігін айқын көрсетті. Залға жиналған жұртшылық ән шырқау мәнері мен қазақ туындыларының әдемілігіне таңғалысты. Еуропаны Азияға жақындастыруға шақыратын концерт Брюссельдегі көрермендердің жүрегінде қалары сөзсіз.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.