Бостандыққа шығуға дайындық жүргізілуде | arainews.kz

Бостандыққа шығуға дайындық жүргізілуде

62

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде бостандыққа шығуына аз уақыт қалған сотталғандарды еркіндікте өмір сүруге қайта бейімдеу жұмыстары жүруде. Аталған мақсатта мекемеде арнай тренинг өтті. Басқосу барысында жазасын өтеушілерге бостандықтың қадірін білу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қоғамға қайта бейімделуге арналған жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, отбасы, туған-туыс пен жақындарды ардақтау, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру секілді негізгі адамгершілік құндылықтарды ұғындыру үшін суалнамалар жасалды.

– Мұндай шаралар сотталған азаматтың іс-әрекетін, мінезін, көңіл-күйін бақылауға өте қолайлы. Сұхбаттасу барысында сотталған азаматтың түзеу мекемелерінен босатылғаннан кейінгі тұрғылықты мекен-жайындағы отбасылық қарым-қатынастарға бейімделуі мен болашаққа деген көзқарасын анықтап, оның әлеуметтік дағдыларын қайта қалпына келтіру, мінез-құлқын қалыптастыру бойынша психологиялық кеңестер берілді,– дейді мкеме қызметкерлері.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.