Болашақ түлектерді ҚАЖ қызметкерлерінің қатарын толықтыруға шақырды | arainews.kz

Болашақ түлектерді ҚАЖ қызметкерлерінің қатарын толықтыруға шақырды

70

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов және мекеменің тәрбие және кадр бөлімінің бастығы Айгүл Мырзақасымова Жамбыл ауданының Бесағаш ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырды.

Мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары таныстырылды. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды.

Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы – Қазақстанның ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын арнаулы жоғары оқу орны. Академия «Құқық қорғау қызметі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік жұмыс», Ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура бағыттары бойынша мамандар дайындайды.

Оқу орны екі бағыт бойынша ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің әкімшілік қызметі үшін бакалаврларды даярлауға маманданған. Академия ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін оқытуда тәжірибеге бағдарланған тәсілдерге көп көңіл бөледі. Әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша оқуды аяқтағаннан кейін курсанттар жұмысқа орналаса отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің бағыты бойынша оқитын курсанттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.