Бірлік пен берекені бейнеледі | arainews.kz

Бірлік пен берекені бейнеледі

33

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жазасын өтеушілер арасында қабырға газетін дайындаудан шығармашылық байқау өткізілді.

Бұл сайыстын мақсаты – көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге шақыру.

Жарысқа мекеме жасақтарының сотталғандары қатысты. Қазылар алқасының жұмысы нәтижесінде орындар жұмыстың мән-мағынасы мен сапасына қарай бөлінді.

Байқау барысында шығармашылық ойлау шеберлігін көрсеткен жазасын өтеуші азаматтарға жүлделі орындар үлестірілді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.