Бала — өмірдің жалғасы, елдің болашағы | arainews.kz

Бала — өмірдің жалғасы, елдің болашағы

93

Бала — өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды.
1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдардың балаларына арналған мереке атап өтілді.
Мереке Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Жаңа шабыт» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылды.
Тараз қалалық №1,2,3 пробация бөлімінің қызметкерлері балаларды төл мерекелерімен құттықтады.
«Жаңа шабыт» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл қалалық пробация қызметі мен бірлесіп, арнайы ашылған орталықта кішкентай балақайларға көңіл бөліп, балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Балалар әр-түрлі конкурстар мен сайыстарға белсене қатысты.
Белсенді қатысқан балаларға бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекеге қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында балақайларға балмұздақ және тәтті тағамдар ұсынылды.
Бүлдіршіндерге мереке қатты ұнады, өз алғыстарын қайта-қайта айтып қуаныштарын білдірді.
Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Тараз қалалық 1 пробация қызметі бөлім бастығы Бекмуханбетова Г.А.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.