Бала құқығын сақтау басты назарда болады | arainews.kz

Бала құқығын сақтау басты назарда болады

161

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 19-30 қараша аралығында облыста республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.
Брифингке облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов және облыстық Полиция департаментінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Қ.Қалжанов қатысып, акция аясында атқарылатын іс-шаралармен таныстырды.
Онкүндік барысында аудандар мен Тараз қаласында Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар,
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналардың қатысуымен, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар өткізіледі.
Балалардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар білім басқармасының бақылауында болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.