Бақытжан Нүркенов: «Мойынқұм экономикасы барлық салада іргеріледі» | arainews.kz

Бақытжан Нүркенов: «Мойынқұм экономикасы барлық салада іргеріледі»

142

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Нүркеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бақытжан Балтабекұлы ауданның қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Бақытжан Нүркеновтің айтуынша, аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр.
Өнеркәсіп саласы. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында көрсеткіштері ауданда 34 млрд. 9 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері орындалып, нақты көлем индексі – 108,7 %-болып отыр. (2017 жылы 28 млрд. 413,2 млн. теңге НКИ – 116,6%)
Ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2530,8 млн. теңгені құрап, НКИ-100,8% болды. (2017 жылы 2735,5 млн.теңге, НКИ-106,0%)
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4553,8 млн. теңге болып, 86,0% құрады. (2017 жылдың осы мерзімі 5212,8 млн.теңге, 125,9%).
Бөлшек сауда тауар айналымы. 2018 жылдың 8 айының бөлшек сауданың көлемі 934,6 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың 8 айымен салыстырғанда азық түлік емес тауарлар көлемінің өсуінен 3 есеге артып отыр (2017 жылы 291,4 млн.теңге).

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.