Бағдарлама жемісін беруде

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, білім беру, көлік бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттардың бірі «Open-Akimat» форматында, бір мезетте түрлі мәселелердің шешіміне «бір терезе» қағидасымен сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы және жер қатынастар бөлімдері жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ, «Жәрдем» — 109 бірыңғай диспетчерлік коммуналдық қызметі орталығын ашу бойынша нақты нәтижеге қол жеткізіліп, іске кірісіп кетті.

Ал, білім саласы бойынша №41 мектеп гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «Қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді. Соның аясында 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ қаладағы 41 мектепте Wi-Fi сымсыз ғаламтор желісі орнатылса, 5 мектеп робототехника кабинеттерімен қамтылды. Бұдан басқа, облыс орталығында республикалық деңгейде алдыңғы қатарда саналатын «Тараз-Hub» IT-мекемесі 4 мектепке IT кабинетін жабдықтау жұмыстарын бастады. Жыл соңына дейін орта мектептерде 10 дана робототехника сыныптарын ашу көзделуде.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында «Е-архитектура» жүйесін қалыптастыру жолымен электронды картасын жүйелендіру басталады.

Көлік саласын цифрландыру бойынша қаладағы жолаушылар маршруттарын үздіксіз қозғалыс кестелерінің және жылдамдық режимдерінің сақталуы үнемі қадағаланып отыратын online режимінде GPS-навигациялау taraz-bus.kz сайты жетілдірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 43 бағыттағы 670 қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру құрылғысын енгізу жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқталатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.