Бағаны тұрақтандыру – басты міндет | arainews.kz

Бағаны тұрақтандыру – басты міндет

72

Азық-түлік бағасы арзандар емес. Бұрын көбіне маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келіп жататын сияқты еді, қазір өсу бар да түсу жоқ.
Әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті әкімдік жұмыс істеп-ақ жатыр. Аудандағы бірнеше ірі сауда орындарымен меморандумға отырып, бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкен, бұрыштар да ашылуда.
Атап айтар болсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында Жаңатастың өзінде 2 әлеуметтік дүкен («Батыр-Бек», «Шадияр») қызмет атқаруда.
1 әлеуметтік дүкен («Батыр-Бек») айналым қаражатын толықтыру үшін, несие алуға құжаттарын рәсімдеуде.
Жыл басынан бері қаламызда 27 мәрте азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Қала аумағында қуаттылығы 1 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салуға 1 кәсіпкерге жер учаскесі берілді.
Оған қоса, жыл соңына дейін құс фермасы, отбасылық жылыжай, алма бақ сияқты 3 «зәкірлік» жобаны (Сұлтан Нұрсұлтан, Алшынбай Ермек) іске асыру жоспарланған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.