Бүгінгі күн талабы — жемқорлыққа қарсы күрес | arainews.kz

Бүгінгі күн талабы — жемқорлыққа қарсы күрес

340

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап,бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаев 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.
Жуырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыс бойынша департаментімен бірлескен ІІ жартыжылдыққа арналған жоспарға сәйкес, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінде жиын өтті. Жеке құрам арасында тәртіптің, заңдылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өткен басқосуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев арнайы қатысты.

Кездесу барысында Айбек Итқараұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баяндамаларды мекеме қызметкерлерінің назарына ұсынып, арнайы ведиороликтермен жалпы түсіндіру сабақтарын жүргізді. Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына толық көлемде жауаптар берілді.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.