Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы | arainews.kz

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы

61

2022 жылы прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 1,5 млрд теңге сомасына 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша борыштарды өтеуді қамтамасыз етті.

Жалақы бойынша берешекті жедел өндіріп алу үшін деректер алмасу жолға қойылды, дебиторлармен жұмыс жүргізілуде және борышкерлердің мүлкін іздеу жүріп жатыр.

Мысалы, «Тамыр» ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн теңге қарыз болған.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша кәсіпорынмен қарыздар толығымен төленіп, ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауы жеке бағыт болып табылады.

Ең көп таралған бұзушылық – отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудің теңгерімсіздігі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 66 ұсыну енгізіліп, 228-ге жуық адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 72 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды және 150 шетелдік азамат елден шығарылды.

Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмайды.

Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшыға жалақыға үстемеақы белгіленді, 600-ден астам қызметкерге өтемақы төленді, қорғау құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 бірлік жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Әкімшілік жауаптылыққа 226 адам тартылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.