Ата Заң күніне орай ала доп аламаны өтті | arainews.kz

Ата Заң күніне орай ала доп аламаны өтті

175

Егемен еліміз тәуелсіздігін алған уақытта бері 30 жылдан астам уақыт өтті. Бұл кезеңде жас мемлекетіміз аяғына тұрып қана қоймай, әлемнің алпауыт елдері пікірімен санасып, ой бөлісетін, жаһандық аренада тұрақталған орны бар беделді республикаға айналды. Бұл ретте, Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуына Ата Заңымыздың тигізген үлесі зор. Сол себепті, ел азаматтары 30 тамыз күні ҚР Конституциясы күнін кең көлемде тойлайды. Мемлекеттік мерекеге орай түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізу де дәстүрге айналған.

Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен күні кеше департаментке қарасты мекемелер арасында кіші футболдан турнир өтті.  «Ұлан» спорт кешенінде өткен жарысқа ҚАЖ саласының ардагерлерінен, Пробация қызметінің қызметкерлерінен және Тараздағы түзеу мекемелерінің қызметкерлерінен құралған 7 құрама қатысты қатысты.

Командалар кездесулерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың бірінші үштігі анықталды: I орын – №59 мекеменің құрамасы, II орын – №58 мекемесі, III орын – №25 мекемесі. Іс-шараның мақсаты өз еліне патриоттық сезімді тәрбиелеу және салауатты өмір салтын алдын алу болып табылады.

Жарыс жеңімпаздары – №59 мекеменің құрамасы
№58 мекеме – ІІ орын иегерлері
Ала доп аламанының қола жүлдегерлері – №25 мекеменің құрамасы

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.