Astana LRT жүргізушілер ереуіліне қатысты ақпаратты жоққа шығарды | arainews.kz

Astana LRT жүргізушілер ереуіліне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

145

Астана қоғамдық көліктердің қозғалысына жауапты «Astana LRT» компаниясы автобус жүргізушілерінің ереуілге шығып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілдері туралы ақпарат таратылуда. Ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз. Біз барлық тасымалдаушылармен байланысып, диспетчерлік қызмет арқылы тексеріс жүргіздік, жоспар бойынша барлық автобустар әдеттегідей қызмет көрсетуде», — делінген компанияның Фейсбук парақшасында.

«Astana LRT» мәліметіне сәйкес, қалада ауа райы жағдайларына байланысты, жолдарда көлік құралдарының қатынау жиілігі алшақтаған.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.