Астанада бюджет қаржысының қайда жұмсалғанын көрсететін карта орнатылады | arainews.kz

Астанада бюджет қаржысының қайда жұмсалғанын көрсететін карта орнатылады

310

Елордада бюджет қаражатының қайда жұмсалғанын егжей-тегжейлі көрсететін интерактивті карта орнатылады.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

«Жақын арада Агенттік «Цифрлық агент» мобильді қосымшасын таныстырады. Бұл қосымша арқылы қазақстандықтар ХҚКО, емханалар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасы туралы Агенттікке ұсыныс-шағымдар жібере алады. Сонымен бірге, Астанада қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы таныстырылады. Бұл арқылы елорда тұрғындары бюджет қаражатының қайда жұмсалып жатқанын егжей-тегжейлі көре алады. Қандай да бір ауытқулар болса, біздің агенттікке хабарласу керек», — деді Шпекбаев 2018 жылдың екінші жартысындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында.

Агенттік төрағасы Қазақстанның электронды үкіметті дамыту саласындағы табысының әлемде мойындалғанын атап өтті.

«2018 жылы электронды қызметтер бойынша Қазақстан 25-орынға тұрақтады. Енді 2020 жылға дейін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын автоматтандыру керек», — деді Алик Шпекбаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.