Астана күніне арналған жиын өтті | arainews.kz

Астана күніне арналған жиын өтті

28

«Астана – Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өркениеттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр» — деген Н.Назарбаевтың сөзі кешегі бабалар арманының бүгінгі айшықты келбеті. Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Астана бұл күнде — еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Мұндағы әрбір қаламгердің шығармашылығының бір ұшында Астананың тәуекелді сәттермен тоғысқан тағдыры, берекелі істермен биіктеген тұғыры жатыр.

Еңселі Елорда күнін мерекелеу игі дәстүрге айналған. Мәселен, бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде мерекелік шара өтті. Жиынға мекеме басшылығы мен жеке құрам қатысты. Басқосу барысында құттықтау сөз сөйленіп, қызметтерін мінсіз атқарған қызметкерлер грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, мерекеге орай бірқатар қызметкерлердің тәртіптік жазалары алынып тасталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.